Месси 2026 жылы әлем чемпионатына қатыса ма? Футболшының өзі жауап берді

Месси 2026 жылы әлем чемпионатына қатыса ма? Футболшының өзі жауап берді
Футбол

“Интер Майами” мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси өзінің 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

 2026 жылғы әлем чемпионаты дейсіз бе? Ол кезде жасым нешеде болатынын ескерсек, бұл қиын секілді, бірақ уақыт көрсетеді, — деп мәлімдеді футболшы журналист Фабрицио Романоға берген сұхбатында. 

Естеріңізге сала кетейік, 30 қазанда өткен маусым қорытындысы бойынша France Football газетінің марапаттау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша "Алтын доп" сыйлығын Месси алды. Ол бұл марапатқа осымен сегізінші рет иелік етіп отыр. 

Үміткерлер тізімінде "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд пен ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе бар.