ҚПЛ-2023-тегі үздік қақпашының аты аталды

ҚПЛ-2023-тегі үздік қақпашының аты аталды
Футбол

«Ордабасы» ФК

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев 2023 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының үздік қақпашысы кім болғанын атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Ордабасының» чемпион атанғанын және чемпионатта ең аз гол жібергенін ескерсек, үздік қақпашы деп Бекхан Шайзаданы айтар едім. Қазір ол Қазақстанның қақпашылар цехінің көшбасшыларының бірі. Ұлттық құрамадағы сәтті өнеріне байланысты Игорь Шацкийді де ерекшелеп айтуға болады. Оның ұлттық құраманың табысты өнеріне қосқан үлесі зор, дегенмен ҚПЛ-да керемет ойын өрнегін көрсетті деуге келмейді. Міне, осы екеуі биылғы маусымның үздік қақпашылары деп ойлаймын, - деді маман.

Айта кетейік, Шайзада ҚПЛ-2023-те 15 матчқа қатысып, қақпасына 8 гол жіберді. Ал Шацкий чемпионаттағы 25 ойында 33 гол жіберген.