Қазақстандық шабуылшы клуб ауыстырады
Хоккей
ҚХФ
Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков «Авангардтан» «Амурға» ауысады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Чемпионат мәліметінше, «Авангард» шабуылшыны «Амурға» береді. ҚХЛ-ның биылғы маусымында Панюков «Авангард» сапында 17 матч өткізіп, бір гол соғып және екі нәтижелі пас берді.
ҚХЛ-да жалпы саны 26 жастағы хоккейше 260 матчқа қатысып, 64 ұпай жинады – 37 шайба соқса, 27 нәтижелі пас берген.
«Авангардтан» бөлек Панюков «Барыс» және «Ак Барс» клубтарында өнер көрсеткен.