Баскетбол: «Астана» ЦСКА-дан оңбай ұтылды

Баскетбол: «Астана» ЦСКА-дан оңбай ұтылды
Баскетбол

"Астана" БК

ВТБ Біріккен лигасының үшінші матчында «Астана» Мәскеудің ЦСКА клубынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандықтар ойынның алғашқы кезеңін сәтті бастаған, алайда үзілістен соң матчты қарсылас команда толық бақылауына алды. Нәтижесінде елорда клубы мәскеуліктерге 30 ұпай айырмашылығымен жол берді.

«Астана» сапында ең нәтижелі ойыншылар:

Хэмм Ройс – 22 ұпай, Карвел Андерсон және Адам Канкел — 10 ұпайдан, Филипе Хаасе — 8, Маркелл Джонсон — 7, Дэвин Дэвис — 4, Рустам Мырзағалиев — 3, Роман Марчук — 2.

2 қараша күні «Астана» Қазанда УНИКСпен ойнайды.

ВТБ Біріккен лигасы:

ЦСКА — «Астана» – 96:66 (18:23, 29:15, 24:14, 25:14).