«Барыс» қорғаушысына қатысты мәлімдеме жасады

«Барыс» қорғаушысына қатысты мәлімдеме жасады
Хоккей

«Барыс»

«Барыс» қорғаушысы Самат Данияр ҚХЛ тұрақты чемпионатында клубтың алдағы сырт айдында өтетін матчтарына қатыса алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

«Барыс» ойыншысы «Металлургпен» елордада өткен кездесу кезінде жарақат алып қалған. Медициналық тексерістен соң оған айдынға шығуға тыйым салынып, алдағы матчтарға қатыса алмайтын болды.

Бұл маусымда «Барыстың» қорғаушысы 19 ойын өткізіп, алты ұпай жинады (бір гол және бес нәтижелі пас).