Футболдан Испанияның жастар құрамасы Өзбекстанмен тең ойнады

Футболдан Испанияның жастар құрамасы Өзбекстанмен тең ойнады
Футбол

Футболдан Испанияның жастар құрамасы сырт алаңда Өзбекстанның U-23 құрамасымен тең ойнады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Өзбекстанда өткен жолдастық кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстанның U-21 жастар құрамасы 17 қазанда Астанада Испаниямен өзара кім мықтыны анықтайтын болады. 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өтетін матч жергілікті уақытпен 19:30-да басталады.