Еуропалық клубта ойнаған шабуылшы «Барыс» жүйесіне оралды

Еуропалық клубта ойнаған шабуылшы «Барыс» жүйесіне оралды
Хоккей

“Барыс” ХК

Қазақстандық шабуылшы Диас Гусейнов «Номадпен» бір жақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайдф BasSport.kz. 

Елорда клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, келісімшарт бір маусымға - 2024 жылғы 30 сәуірге дейін жасалған. 

Шабуылшы кәсіби мансабын
негізінен «Барыс» жүйесінде өткізген.

2023 жылы Гусейнов Финляндияның екінші лигасында ойнайтын «Роки» командасына ауысқан болатын. Ол жақта қазақстандық хоккейші алты матчқа қатысып, бір гол соқты.