Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жегіне Ақтауда дайындалып жатыр

Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жегіне Ақтауда дайындалып жатыр
Бокс

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Ақтауда жаттығу жасап жүр, деп хабарлайды BasSport.kz.

Отандық танымал боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады. Боксшы даярлық жұмыстарын Ақтауда өткізіп жатыр. Ал оның келесі қарсыласы екі аптадан кейін ғана белгілі болады.

Жерлесіміз IBF нұсқасы бойынша үздіктердің бірімен кездесуге үмітті. Бұған дейін былғары қолғап шебері WBC белдігі үшін таласқысы келетінін де айтқан.

Соңғы рет Нұрсұлтанов шаршы алаңға сәуірде шығып, Оңтүстік Кореяда өткен айқаста жапониялық Кадзуто Такесаконы (15-0-1, 14 КО) нокаутпен ұтты.