Мэнни Пакьяо Париж олимпиадасына қатысуға ресми өтініш берді

Мэнни Пакьяо Париж олимпиадасына қатысуға ресми өтініш берді
Бокс

Чемпионат

Филиппиндік боксшы, алты салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (62-8-2, 39 КО) спорттағы ерекше жолын қалай аяқтағысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы vRINGe.com-ға сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Бұған дейін Мэнни 2024 жылы Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында бақ сынағысы келетінін айтып еді. Жас шектеулеріне байланысты ол Азиядағы құрлықтық іріктеу кезеңіне қатыса алмағанымен, Париждегі аламанда өнер көрсетуден әлі де үмітті.

Филиппин олимпиада комитеті Халықаралық олимпиада комитетіне 45 жастағы Пакьяоны «әмбебаптық ережесіне» ОИ-2024-ке қатыстыру туралы ресми өтініш жібергені белгілі болды. ХОК бұл ұсынысты қабылдамаған жағдайда, Мэнни 2024 жылы іріктеу кезеңдерінің бірі арқылы турнирге қатысуға тырысуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Пакьяо 2021 жылы Йорденис Угастан жеңілгеннен кейін спорттан кетті, бірақ 2022 жылы президенттік сайлауда жеңілгеннен кейін рингке оралу туралы жоспары барын айтты.