Азия ойындары: қазақстандық спортшы қола жүлдегер атанды

Азия ойындары: қазақстандық спортшы қола жүлдегер атанды
Азиада 2023

©olympics.com

Қазақстандық слаломшы Александр Куликов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Финалда Куликов 101.04 (97.04 таза уақыт + 4 қосымша секунд) көрсетті. Ал жеңімпаз атағы қытайлық Чайнасие Юанцхунгке бұйырса, өзбекстандық Анвар Клевлеев күміс жүлдегер атанды. Осылайша жерлесіміз қола жүлдені қанағат тұтты.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында Азиаданың 62 медалі бар – 8 алтын, 15 күміс және 39 қола.