Қазақстандық 18 жастағы футболшы Түркия клубына ауысты

Қазақстандық 18 жастағы футболшы Түркия клубына ауысты
Футбол

©samsunspor.org.tr

Қазақстан жастар құрамасының футболшысы Дінмұхамед Сайын мансабын Түркияда жалғастырады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, 18 жастағы ойыншы «Самсунспормен» келісімшартқа отырды. Жартылай қорғаушы «қызыл найзағайдың» (U-19) жастар командасының қатарын толықтырады.

Сайын Алматының «Академия 05» тәрбиеленушісі түрік клубына еркін агент ретінде ауысты. Ойыншы «Самсунспордың» негізгі командасына ауысқан кезде қазақстандық клуб бонус алады.

Айта кетейік, Сайын Қазақстанның жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен. Осы маусымда жартылай қорғаушы екінші лигада 15 матч өткізді, онда ол бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.