Азия ойындары: Смайыл Дүйсебай - қола жүлдегер

Азия ойындары: Смайыл Дүйсебай - қола жүлдегер
Азиада 2023
Жекпе-жек

Қазақстан таеквондо федерациясы

Азия ойындарында таеквондошылар қоржынға екінші қола медальді салды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл жолы Смайыл Дүйсебай Қазақстан құрамасына жүлде сыйлады. Жартылай финалда жерлесіміз қытайлық Джаохианг Сонгке 0:2 есебімен есе жіберпі, Азия ойындарында үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұған дейін 67 келіден жоғары салмақта Жансель Дениз де қола медаль иесі атанған болатын. Жансель жартылай финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Ли Да Биннен жеңілді.