Ромашкин Хамзаальпер әлем чемпионатында топ жарды

Басқа
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан үшін қуанышты жаңалықпен басталды. 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ромашкин Хамзаальпер әлем чемпионы атанды.
Финалда ол канадалық Никола Самордичке қарсы күресте 0:11 есебімен жеңіліп жатқанымен, үшінші раундтың соңына 20 секунд қалғанда қарсы шабуыл жасап, сенсациялық жеңіске қол жеткізді.
Финалға дейін Ромашкин Иордания, Иран, бейтарап спортшы (AIN) және Тайпей өкілдерін жарыс жолынан шығарып, мықты қарсыластарды артта қалдырды.
Айта кетейік, биылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 80 елден 811 таеквондошы қатысуда. Фуджейрадағы дүбірлі дода 14 мамырға дейін жалғасады.