Танымал футболшы Украина президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Танымал футболшы Украина президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Футбол

dynamo.kiev.ua

Танымал украиналық футболшы Андрей Шевченко президент Владимир Зеленскийдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Тиісті жарлыққа Зеленский қол қойған.

Андрей Николаевич Шевченко Украина президентінің кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалсын, - делінген Зеленский жарлығының мәтінінде.

Шевченко 1976 жылы 29 қыркүйекте Дворковщина ауылында (Киев облысы) дүниеге келген.

Өз мансабында жергілікті клубтардан бөлек «Милан», «Челси» секілді алпауыттар сапында өнер көрсетті.

2016 жылы ұлттық құраманың жаттықтырушысы болып, 2021 жылға дейін қызмет атқарды.