Нұрлыхан Шархан қола жүлдеге ие болды

Нұрлыхан Шархан қола жүлдеге ие болды
Азиада 2023
Дзюдо

Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 100 келіге дейін салмақта күрескен Нұрлыхан Шархан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея балуаны Вон Джон Хунды жеңді. Бұған дейін ширек финалда ол Токио Олимпиадасының чемпионы, 2017 жылғы әлем чемпионы, жапон Аорон Вольфты қапы қалдырған. Оның алдында Бахрейн атынан өнер көрсетін экс-ресейлік Зелимхан Таус Якуб Башаевты жеңген.

Өкініштісі, 2022 жылғы әлем чемпионы, өзбек балуаны Музаффарбек Туробоевпқа есе жіберіп алды.