Ресей атынан өнер көрсетуден бас тартқан спортшы Өзбекстанға алтын сыйлады
Азиада 2023
Өзбекстан ҰОК
Академиялық есуден Токиодағы Олимпиада ойындарының чемпионы Анна Пракатень жекелей сында Азия ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан аламанда спортшы мәре сызығын 7 минут 39,05 секундта кесті. Екінші орында қытайлық Лю Жуйци (+10,93 секунд) иеленсе, үшінші орын жапон қызы Сихо Йонекаваға (+12,83) бұйырды.
Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Пракатень Ресей атынан жарыстарға қатысудан бас тартып, Өзбекстан азаматтығын алған болатын. 2016 жылға дейін Минск тумасы Беларусь атынан өнер көрсетті.