Жеңілмеген қазақ боксшысының қарсыласы анықталды

Жеңілмеген қазақ боксшысының қарсыласы анықталды
Бокс

©instagram.com/nurmaganbet.bek/

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (10-0, 8 КО) алдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Нұрмағанбет суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) пен бірінші орта дивизионның абсолютті чемпионы Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) андеркардында жекпе-жекке шығады.

Нұрмағанбеттің қарсыласы – нигериялық Абимбола Осундайро (5-0-0, 3 КО).

Showtime бокс кеші 30 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтеді. Нұрмағанбет пен Осундайро арасындағы айқас сегіз раундқа есептелген.