Ризабек Айтмұхан чемпион атанғанда неге ту дайын болмай қалды?

Ризабек Айтмұхан чемпион атанғанда неге ту дайын болмай қалды?
Күрес

Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан топ жарып, қазақ елін қуантты. Бір өкініштісі, бозкілемді айналып жүгіру үшін сол сәтте ту болмай қалды. Осының анық-қанығын Спортты дамыту дирекциясының баспасөз жетекшісі Аян Төлегеннен сұрап білдік.

Туды ұмытқан жоқ. Команда басшысы туды бапкерге берген. Финалдың қандай болғанын көрдіңіздер. Соңғы минутқа дейін тартысқа толы болды. Әзербайжан балуаны өте мықты. Сондықтан қатты қауіптендік. Сол кезде ту туралы ойлауға уақыт жоқ. Бұл тарихи финал. Алғашқы алтынды алдық. Кейіннен марапаттау рәсімі мен сұхбат кезінде байрақ берілді. Негізі медаль сарапқа салынған бәсекелерде ту дайын тұрады, - дейді Аян Төлеген.

Айта кетейік, Ризабек финалда әзербайжандық Осман Нурмогамедовты жеңді.