Кукушкин Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Кукушкин Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты
Теннис

Insport

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Брест қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандасымыз аталған турнирдің бірінші айналымында литвалық теннисші Эдвас Бутвиласты үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 4:6, 7:6 есебімен жеңді. Тартысқа толы матч 2 сағат 45 минутқа созылды. 

Айта кетейік, екінші айналымда Кукушкин Г.Баррер (Франция) - К.Табернер (Испания) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.