Еуро-2024. Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

Еуро-2024. Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді
Футбол

Қазақстан құрамасы бүгін Астан Аренада Еуро-2024 іріктеуі аясында Солтүстік Ирландия командасымен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Тартысты ойында ұлттық құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы жалғыз голды 27-ші минутта Максим Самородов салды.

Ойынды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен атақты кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин тамашалады.