Біз - қазақпыз: Нұрлан Исатаев Қазақстан азаматтығын алды

Біз - қазақпыз: Нұрлан Исатаев Қазақстан азаматтығын алды
Дзюдо

ҚР ҰОК

Дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионы Нұрлан Исатаев Қазақстан азаматтығын алу туралы шешімінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан азаматтығын әкем екеуміз 2023 жылы алдық. Бізге бұған бапкерім Алтынбек Сұпағалиев көмектесті. Ол маған Загребте өткен әлем чемпионатында да көмектескен. Біз – қазақпыз және тарихи Отанымызда өмір сүргіміз келеді. Ана тілімізде сөйлегіміз келеді. Оралға келгенде, маған бәрі ұнады, қазір 11-сыныпта оқимын. Мені жылы қабылдады. Әлемдік біріншіліктегі жеңісім үшін жергілікті билік пәтер сыйлады. Туыстарым Орынборда тұрады, бірақ қонаққа келіп тұрады, - деді Нұрлан Исатаев.

Спортшы алдағы жоспары жайлы да айтты. Ол 2028 жылы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткісі келетінін алға тартты.

Айта кетейік, Нұрлан Исатаев Қазақстан сапында Хорватия астанасы Заргебте өткен әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.