Футзал: Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасақталды

Футзал: Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасақталды
Футзал

Sports.kz

2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жасақталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бас бапкер қызметін Кака лақап атымен танымал бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигуэра Силва атқарады. Ол құрамада 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жақында онымен келісімшарт тағы екі жылға ұзартылды.

Жуырда ғана карьерасын аяқтаған 33 жастағы Дәурен Нұрғожин бас бапкер көмекшісі болады. Команданың физикалық даярлығына 45 жастағы бразилиялық Вендель Луиз Бастос Э Силва жауапты. Ол биылғы маусымда «Семей» клубының бапкерлер штабына енген.

Қақпашылармен 39 жастағы құраманың бұрынғы ойыншысы Григорий Шамро жұмыс істейді.

Қазақстанның бапкерлер құрамы:

Бас бапкер – Кака

Бас бапкердің көмекшісі – Дәурен Нұрғожин

Дене даярлығы – Вендель Э Сильва

Қақпашылар бапкері – Григорий Шамро.