Қазақстан - Финляндия матчына билеттер 50 мың теңгеден сатылып жатыр

Қазақстан - Финляндия матчына билеттер 50 мың теңгеден сатылып жатыр
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан – Финляндия матчы бүгін, 7 қыркүйек күні, елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл ойынды күтіп жүргендер көп, ал билеттер осыдан біраз уақыт бұрын-ақ толықтай сатылып кеткен. Кездесуге билет іздеп жүрген адам көп. Бірақ олардың біраз бөлігі алыпсатарлардың қолында секілді. Тиісінше хабарландыру сайттарында билеттер құны шарықтап тұр. Тіпті 50 мың теңгеден сатылып жатқан билеттер бар.

Мына хабарландыру иесі бес билетті осындай бағада сатып жатыр. Айтуынша, орындар өте жайлы жерде орналасқан.