Қазақстанның волейбол құрамасы Азия чемпионатында 5-орын алды

Қазақстанның волейбол құрамасы Азия чемпионатында 5-орын алды
Волейбол

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.

5-орын үшін болған ойында Қазақстанның волейболшы қыздары 3:0 (26:24; 25:23; 25:23) есебімен жеңіске жетті.

Ел құрамасы бұған дейін плей-офф сатысында Австралияны 3:2 (25:16, 21:25, 19:25, 25:15, 15:12) есебімен тізе бүктірген еді.

Қазақстандық волейболшылар D тобында Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6), Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен сүріндірсе, Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.

Жарыстың одан кейінгі сатысында алдымен Жапонияға 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен есе жіберсе, Үндістаннан 3:0 (25:17, 25:17, 25:21) есебімен басым түсті.

Құрлықтық доданың финалында бүгін, 6 қыркүйекте Таиланд пен Қытай құрамалары кездеседі.