Сабина Алтынбекова ажырасқаннан кейін жаңа күйеу туралы сұраққа жауап берді

Волейбол
Әлеуметтік желі
Белгілі қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram-дағы оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Желі қолданушыларының бірі одан: «Сіздің күйеуіңіз болуға кімнің мүмкіндігі бар? Қандай критерийлер?» – деп сұрады.
Оған жауап ретінде Алтынбекова «Ал мен сәл демалып алсам бола ма?» – деп жазып, күліп тұрған эмодзи мен алақан қосылған белгішені қосты.
Еске салсақ, бұған дейін Сабина Алтынбекова кәсіпкер Саят Салманұлымен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген болатын.
«Иә, мен ресми некеде болдым және қазір ажырасқанмын. Бұл тақырыпқа қатысты көп сұрақ қойылды, енді бұл мәселені жаптым», – деп бөлісті спортшы.
Өткен маусымда қазақстандық волейболшы Индонезияның «Yogya Falcons» командасында өнер көрсетті.