Финляндия құрамасы Астанаға келді

Финляндия құрамасы Астанаға келді
Футбол

Instagram/huuhkajat

Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыласы Финляндия құрамасы Астанаға келді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан Финляндиямен Еуро-2024-ке іріктеу аясында кездесу өткізеді. Ал матч 7 қыркүйек күні елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Бұл ойын екі құрама үшін де өте маңызды болып тұр. Себебі екі құраманың еншісінде де 9 ұпайдан бар, дегенмен финдер қосымша көрсеткіштер бойынша Н тобында бірінші орында тұр, одан кейінгі сатыға Қазақстан жайғасқан. Сондықтан Финляндия орнын сақтап қалу үшін барын салса, Магомед Адиев шәкірттері қарсыластарынан көшбасшылықты тартып алуға тырысып бағады.

Финдердің бас бапкері Маркку Канерва Қазақстанның басымдығын атаған болатын:

Оларда «Астананның» он ойыншысы бар. Ал бұл клуб Конференция лигасында топтық кезеңге шыққан. Олар қиын матчтарда ойнаған, бір-бірін жақсы біледі, тиісінше команда үшін ойнай алады, бұл олардың басымдығы. Бесінші турда басты матчта Қазақстанмен ойнаймыз деп кім ойлаған. Мені таңғалдырды, бірақ соңғы екі жылда олардың деңгейі қатты өсті.