Азия чемпионаты. Қазақстандық волейболшылар Үндістаннан басым түсті

Азия волейбол қауымдастығы
Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Азия чемпионатының өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстандық волейболшылар плей-офф сатысында Үндістанды 3:0 (25:17, 25:17, 25:21) есебімен жеңді. Бұған дейін олар Жапонияға 0:3 (13:25, 20:25, 18:25) есебімен есе жіберген еді.
Енді ел құрамасы 5-8 орын үшін сынға түседі.
Айта кетейік, топтық кезеңде қазақстандық волейболшылар D тобында ойнады. Олар алдымен Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6), одан кейін Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен жеңіп, Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді.
Еске сала кетейік, қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатына 12 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең үздік жетістігі – 2005 жылы алған күміс медаль.