Қазақстан – Финляндия матчының төрешілері анықталды

Қазақстан – Финляндия матчының төрешілері анықталды
Футбол

Scor.md

Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчына төрелік ететін төрешілер бригадасы анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ойынның бас төрешесі – румын Раду Петреску. Ал оған оның отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі, төртінші төреші – Марцел Бирсан.

Қазақстан – Финляндия матчы 7 қыркүйек күні «Астана Аренада» өтеді.

Басталу уақыты: жергілікті уақытпен 20:00-де.

Төрт ойыннан соң Финлияндия Н тобында 9 ұпаймен көш басында тұр.

Қазақстанда да тоғыз ұпай бар, дегенмен финдерге қосымша көрсеткіштер бойынша есе жіберіп тұр.