Асу Алмабаев АҚШ-та Джонни Диджулиуспен белдеседі

Асу Алмабаев АҚШ-та Джонни Диджулиуспен белдеседі
Жекпе-жек

ашық дереккөз

UFC файтері Асу Алмабаев еркін күрес ережесі бойынша өтетін Real American Freestyle (RAF) лигасындағы дебютін өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Кездесу 22 тамыз күні АҚШ-тың Кливленд қаласындағы RAF 12 (кейбір деректерде RAF 22) турнирі аясында ұйымдастырылады деп жоспарланған. Онда жартылай жеңіл салмақ (66 келіге дейін) лимитінде қазақстандық спортшы 34 жастағы жергілікті балуан Джонни Диджулиуспен күш сынасады.

Отандасымыз үшін бұл ұйымдағы алғашқы айқас болмақ. Ал оның қарсыласы бұған дейін аталған лигада үш рет бақ сынап, 1 жеңіске жетіп, 2 жеңілген.