Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы 5-орынға таласады

Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы 5-орынға таласады
Волейбол

Таиландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Азия чемпионатында Қазақстан 5-8 орынға таласатын болды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 D тобында өнер көрсеткен жерлестеріміз Филиппинді тай-брейкте 3:2 (25:21, 17:25, 24:26, 27:25, 15:6) есебімен жеңсе, одан кейін Гонконгты 3:0 (25:16, 25:23, 25:17) есебімен сүріндірді. 

 1 қыркүйекте Қытайдан 0:3 (12:25, 21:25, 10:25 ) есебімен жеңілді. Соған қарамастан өз тобында екінші орын алып, енді 5-8 орындар үшін сайысқа түседі. 

 Құрлықтық дода 6 қыркүйекте мәресіне жетеді.