Еуро-2024: Қазақстан құрамасына «Тобыл» ойыншысы шақыртылды

Еуро-2024: Қазақстан құрамасына «Тобыл» ойыншысы шақыртылды
Футбол

"Тобыл" ФК

«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Еуро-2024-ке іріктеу аясында Қазақстан ұлттық құрамасының қыркүйектегі матчтарына шақыртылды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ислам Чесноков жарақатына байланысты «Тобыл» сапында төрт ойынға қатыса алған жоқ. Кеше ол Конференциялар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Викторимен» кездесуде (0:3) алаңда 30 минут бойы өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев құрамаға Арман Кенесов пен Ислама Чесноков екеуінің арасынан жарақатынан айыққанын шақыратынын айтқан.

Қазақстан құрамасы 7 қыркүйекте Финляндия құрамасымен, 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен ойнайды.