Ресми: Рамазан Оразов Еуропа клубында 10 нөмірмен ойнайды

Ресми: Рамазан Оразов Еуропа клубында 10 нөмірмен ойнайды
Футбол

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Словенияның «Копер» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды bassport.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. Отандасымыз жаңа клубында 10 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. Оразов Словения чемпионатына еркін агент ретінде ауысты. Бұған дейін Қостанайдың «Тобыл» клубында ойнаған.

Рамазан Оразов 1998 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін еліміздің «Қайрат», «Ақтөбе», «Ақсу», «Тобыл», Латвияның «Даугавпилс» және Ресейдің «Чайка» клубтарында ойын көрсетті.