«Астана» баскетбол клубы Америкадан ойыншы келді

«Астана» баскетбол клубы Америкадан ойыншы келді
Баскетбол

«Астана» баскетбол клубы америкалық ойыншы Адам Кункелямен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz.

23 жастағы спортшы соңғы рет «Голден Стэйт Уорриорз» командасында ойнаған. Оның бойы 193 сантиметр. Айта кетейік, «Астана» баскетбол клубы жаңа маусымда Қазақстан чемпионатында өнер көрсетпейді. Оның орнын «Астана Академия» басады.

Бұл олардың 23 жасқа дейін ойыншылардан құралған қосалқы командасы.

Есесіне, «Астана» ВТБ біріккен лигасына, WASL, Қазақстан суперкубогына, кубогына өнер көрсетуге дайын.