Месси “Интер Майамидегі” төрт матчында 7 гол соқты

Месси “Интер Майамидегі” төрт матчында 7 гол соқты
Футбол

Getty Images

Лигалар Кубогының 1/8 финалында “Интер Майами” мен “Даллас” кездесіп, ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Пенальти сериясында майамилік клуб қарсыласынан басым түсіп, жеңіске қол жеткізді. 

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси осы матч барысында екі нәтижелі соққымен көзге түсті. Ол америкалық клуб сапында өткізген төрт матчта 7 гол соқты. 

Бұған дейін Месси “Орландо Сити” мен “Атланта” қақпасына екі голдан соққан, сонымен қатар “Крус Асульге” қарсы өткізген дебюттік матчында да нәтижелі соққы авторы атанған.