Ақтауда мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Ақтауда мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді
Басқа

wstcc2023.fide.com

3-8 тамыз күндері Ақтауда шахматтан мектеп командалары арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Тұңғыш рет өткізіліп отырған әлем біріншілігінің ерекшелігі - жарысқа шахмат үйірмелері тәрбиеленушілері емес, қарапайым әуесқой мектеп оқушыларының қатысуында. 

Турнирге 50 елден 400-ге жуық қатысушы келеді. Ал чемпионат екі категория бойынша, 12 жасқа және 18 жасқа дейінгі шахматшылардан жасақталған командалар арасында өтеді. 

Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 6 қаладан 10 мектеп қорғайды:

• IT мектеп-лицейі, Ақтау қ.;

• Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Ақтау; • М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі, Алматы;

• Республикалық физика-математика мектебі, Алматы;

• Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

• №72 мектеп-лицейі, Астана қаласы;

• Республикалық физика-математика мектебі, Астана қ.;

• Атырау облыстық “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицей-интернаты;

• Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі, Павлодар қ.;

• О.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі, Шымкент қ.

Еске салайық, бұл биыл біздің елімізде шахматтан өткізіліп отырған екінші ірі жарыс. Сәуір айында елордада Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасында 17-әлем чемпионы атағы үшін талас өткен болатын.