Баттерфляй әдісімен жүзуде ел рекорды жаңарды

Баттерфляй әдісімен жүзуде ел рекорды жаңарды
Басқа

Су спорты түрлерінен Жапонияның Фукока қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде ел рекорды жаңарды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Осы қашықтықты ел намысын қорғаған Әділбек Мусин сайыстың ширек финалында 51.68 секундта жүзіп өтті. Бұл - Қазақстанның жаңа рекорды. 

Сонымен қатар, осы нәтиже Әділбек Мусинге 14-орынға табан тіреп, әлем біріншілігі жартылай финалына шығуға мүмкіндік берді.