“Астана” алты жылда алғаш рет Чемпиондар лигасында ірі есеппен жеңілді

 “Астана” алты жылда алғаш рет Чемпиондар лигасында ірі есеппен жеңілді
Футбол

“Астана” Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші кезеңінде Загребтің “Динамосынан” 0:4 есебімен жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл - “Астананың” алты жылда алғаш рет Чемпиондар лигасында ірі есеппен жеңілуі. Соңғы рет елордалық клуб 2017 жылдың 16 тамызында “Селтиктен” (Глазго, Шотландия) 0:5 есебімен ойсырай ұтылған еді. 

Одан кейін 2020/21 жылдар маусымында белорусиялық “Динамоға” (Брест) қарсы ойында үш гол айырмашылығымен жеңіліс тапқан - 3:6. 

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңі аясындағы екі команданың қарымтас матчы 2 тамыз күні Астанада өтеді.