“Астана” екінші кезеңнің алғашқы матчында ірі есеппен жеңілді

“Астана” екінші кезеңнің алғашқы матчында ірі есеппен жеңілді
Футбол

“Астана” УЕФА Чемпиондар лигасы екінші кезеңін жеңілістен бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Іріктеудің екінші кезеңінде хорватиялық “Динамо Загреб” командасымен сынға түскен елордалық клуб 0:4 есебімен жеңілді. Алаң иелері бірінші таймда-ақ сенімді жеңіске қол жеткізуге болатын жағдай жасап алды. Ойынның 35-минутында Дарио Шпикич есеп ашса, Лука Иванушец (41’) таблодағы көрсеткішті екі еселеді. Арада екі минут өткенде Лука Иванушец (43’) дубль авторы атанса, екінші таймда жартылай қорғаушы матчтағв үшінші голын соқты. Ал Григорий Бабаян шәкірттері болса, бірде-бір нәтижелі шабуыл ұйымдастыра алмады.

Екі команданың қарымта кездесуі 2 тамыз күні Астанада өтеді.