Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Бокс

Астанадағы сауда орталығында төбелес шығарған кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми сайтында жарияланды. 

Бейбіт Шүменовтің соңғы жылдары АҚШ-та өмір сүретіні белгілі.

Еске салайық, маусым айында Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда орталықтарының бірінде ер азаматқа қол көтерген. Бұған дейін ҚР ІІМ сауда орталығындағы төбелеске қатысты “бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлаған болатын.