Кирилл Полохов “Барысқа” оралды

Хоккей
“Барыс” ХК
“Барыс” қорғаушы Кирилл Полоховпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екіжақты келісімшарт бір маусымға 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Қорғаушы бұған дейін алты маусым бойы “Барыс” жүйесіндегі командалар сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда Кирилл көкшетаулық “Арлан” құрамында ойнап, 41 матчта (плей-оффты қоса алғанда) 24 (2+22) ұпай олжалады және өз командасындағы ассистенттер арасында үздік үштікке енді. Мамыр айында Полохов элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады.