Месси Роналдудың рекордын жаңартты

Месси Роналдудың рекордын жаңартты
Футбол

Аргентиналық футболшы Линель Мессидің “Интен Майамидегі” таныстырылымы 3,5 млрд рет көрсетілген, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ал Криштиану Роналдудың “Әл-Насрдағы” таныстырылымы 3 млрд көрсетілім жинаған еді. 

Осылайша, Лео Месси португалиялық футболшының рекордын басып озды.

Еске салайық, Лионель Месси “Интер Майамиге” бос агент ретінде ауысты. Оның франциялық “ПСЖ-мен” келісімшарты маусым айының соңында аяқталған еді. Ол өткен маусымда 40 матчқа қатысып, 21 гол және 20 пасты өз еншісіне жазды.