Волейболдан Ұлттар лигасының су жаңа чемпионы анықталды

Волейболдан Ұлттар лигасының су жаңа чемпионы анықталды
Басқа

Volleyballworld.com

Волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттар лигасының финалы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Шешуші матчта Түркия мен Қытай құрамалары кездесіп, түркиялық волейболшылар 3:1 (25:22, 22:25, 25:19, 25:16) есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. 

Ұлттар лигасының қола медалі АҚШ командасынан басым түскен Польша құрамасына бұйырды. 

Еске салайық, өткен 2022 жылы әйелдер арасынлағы Ұлттар лигасында Италия чемпион атанса, Сербия күміс медаль еншілеп, Сербия үздік үштікті түйіндеген. Ал Түркия құрамасы төртінші орынға табан тіреген еді.