ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары боксшы Шүменовтің ісіне қатысты пікір білдірді

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары боксшы Шүменовтің ісіне қатысты пікір білдірді
Бокс

Елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде қолында кішкентай баласы бар ер адамды соққыға жыққан видео тарады. Артынша азаматты соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменов екені айтылған еді. ҚР ІІМ вице-министрі осы ақпаратты растады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "TengriNews" ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

"Иә, ол Шүменов. Бұзақылыққа қатысты іс қозғалды. Қазір осы іспен айналысып жатырмыз", - деді Қайрат Сүнтаев. 

Министр орынбасарының сөзінше, істі қарамай, жауып тастаған инспекторға қатысты қызметтік тексеру жұмыстары басталған.

"Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол қатаң жазаланады. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана министр осы мәселені қозғады", - деп жауап берді вице-министр. 

Сонымен қатар, министрдің орынбасары ер адамды соққыға жыққан жанның кәсіпқой боксшы болғаны жағдайды күрделендіре түсуі мүмкін бе деген сұраққа да жауап берді.

"Оның бокспен айналыспағанына біраз уақыт болды. Сараптама нәтижесін күту керек". 

Вице-министрдің сөзінше, Шүменов мас болмаған. Ал бала зардап шекпеген. Бірақ, жәбірленуші Шүменовті жауапкершілікке тартуды талап етіп отырған көрінеді.