Қазақстандық қақпашы ҰХЛ драфтында таңдалды

Қазақстандық қақпашы ҰХЛ драфтында таңдалды
Хоккей

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қақпашысы Владимир Никитин ҰХЛ драфтында таңдалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қақпашыны драфттың жетінші кезеңінде 207-нөмірмен "Оттава Сенаторз" таңдады. 

Маусым айының басында 18 жастағы голкипер канадалық "Чилливак Чифс" командасымен келісімшартқа қол қойған. 

Владимир Никитин өткен маусымның көп бөлігін "Барыстың" жастар командасында өткізді. Сонымен қатар, "Снежные Барсы" құрамында Қазақстан чемпионатының екі матчында ойнады. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (ІА) 5 ойында қақпа күзетіп, Қазақстан құрамасының бірінші орын алып, элиталық дивизионға қайта оралуына көмектесті. Сондай-ақ, турнир қорытындысында ол ең үзідк қақпашы деп танылды.