Танымал қазақстандық зілтемірші өз-өзіне қол жұмсады

Басқа
Ауыр атлетикадан әлем чемпионы қазақстандық Владимир Седов өмірден өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
35 жастағы зілтеміршінің денесі Қаратал ауданы, Достық ауылынан табылған. Спортшының денесінен оған зорлық-зомбылық көрсетілгенін дәлелдейтін белгілер жоқ. Жақындарының мәліметінше, Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіріг таңда азаматтың өз өміріне қол жұмсау дерегі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Владимир Седов - төрт дүркін Қазақстан чемпионы, 2009 жылғы әлем чемпионы, 2009 және 2016 жылдарғы Азия біріншіліктерінің жеңімпазы. Ол Қазақстанға сіңірген еңбегі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.