ҰХЛ: Маусымда инсульт алған хоккейші үздік ойыншылардың бірі атанды

ҰХЛ: Маусымда инсульт алған хоккейші үздік ойыншылардың бірі атанды
Хоккей

NHL

“Питтсбург Пингвинз” қорғаушысы Крис Летанг “Билл Мастертон Трофи” марапатына ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл - жыл сайын жоғары спорттық шеберлік пен хоккейге адалдық танытқан жанға берілетін ҰХЛ жүлдесі.

Крис Летанг “Питтсбург Пингвинздің” бұл марапатқа лайық деп танылған үшінші ойыншысы атанды. 

Өткен маусымда команда Шығыс конференциясында 9-орын алып, плей-оффқа шыға алған жоқ. 

36 жастағы хоккейші өткен маусымда мансабында екінші рет инсульт алды, сонымен қатар әкесі өмірден өтті. 

Тұрақты маусымрың 64 ойынында 41 (12+29) ұпай жинаған Летанг мұз айдынында өткізген ойын уақыты бойынша қорғаушылар арасында үздік ондыққа енді (бір матчта 24 минут 51 секунд).