Коннор Макдэвид “Харт Трофи” жүлдесін иеленді

Коннор Макдэвид “Харт Трофи” жүлдесін иеленді
Хоккей

Getty Images

“Эдмонтон Ойлерз” командасы шабуылшысы Коннор Макдэвид ҰХЛ тұрақтя маусымының үздік ойыншысына табысталатын “Харт Троф жүлдесінің иегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Коннор Макдэвид мансабында үшінші рет ҰХЛ тұрақты маусымының үздік ойыншысы атанып отыр. Бұған дейін ол 2016-2017 жәнн 2020-2021 жылдар маусымдарында осы жүлдеге ие болған. 

Айта кетейік, өткен маусымда “Эдмонтон Ойлерз” Батыс конференциясы жартылай финалында ойнап, “Вегас Голден Найтстан” жеңілді. 26 жастағы форвард тұрақты маусымның 82 ойынына қатысып, 153 (64+89) ұпай олжалады. Ал плей-оффтың 12 матчында 20 (8+12) ұпайдв өз есебіне жазды.