Түркістанда мұз сарайы салынды

Түркістанда мұз сарайы салынды
Хоккей

ҚХФ

Түркістанда мұз сарайының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстан хоккей федерациясы өкілдері спорттық нысанға барып, аймақтағы хоккейді дамыту жөнінде Түркістан облысы Дене шынықтыру және спорт істері басқармасы басшығымен кездесті.

Кездесу нәтижесінде осы нысан базасында қысқы спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер мектебін ашу жоспарланды. Сонымен қатар, келер жылы аймаққа хоккейді таныту мен дамыту мақсатында келер маусымда балалар-жасөспірімдер командалары арасында республикалық турнир өткізуге келісім жасалды.