Франция президенті Мбаппені "ПСЖ-да" қалуға көндіріп көрмекші

Франция президенті Мбаппені
Футбол

Getty Images

Франция президенті Эммануэль Макрон "ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппені париждік клуб сапында қалуға көндіріп көрмекші, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

RMC Sport жазуынша, жас жанкүйерлердің бірі Франция мемлекеті басшысы Макроннан Килиан Мбапппенің "ПСЖ" сапында қалуына көмектесуін сұраған. Оған президент:

"Килианды көндіріп көремін", - деп жауап берген. 

Еске салайық, бұған дейін Килиан Мбаппенің париждік клубпен келісімшартын 2025 жылға дейін ұзартпайтынын мәлімдеп, командаға хат жіберген белгілі болған. Ал оның клубпен жасасқан қазіргі келісімшартының мерзімі 2024 жылдың маусымында аяқталады. Осыдан бір жыл бұрны да Макрон Килиан Мбаппенің "ПСЖ-да" қалуы үшін өзімен жеке сөйлескен болатын.