Бүгін Денис Теннің туған күні

Бүгін Денис Теннің туған күні
Қысқы спорт

Бүгін қазақтың әйгілі мәнерлеп сырғанаушысы Денис Теннің туған күні, деп хабарлайды bassport.kez тілшісі.

Қазақ спортшысы көзі тірі болғанда бүгін 30 жасқа толар еді.

Өзінің қысқа ғұмырында отанласымыз Сочи Олимпиадасында (2014) қола жүлдегер атанды. 2013 және 2015 жылғы әлем біріншіліктерінде күміс және қола медальдарға қол жеткізді. 2015 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды. Алматыда өткен қысқы Универсиадада (2017) тұғыр биігінен көрінді. 2011 жылы Азиада ойындарының чемпионы атанды.

Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде өмірден өткен болатын.